№6 жалпы орта білім беретін мектепте «Адал ұрпақ» тақырыбы негізінде адалдық пен адамгершілікке байланысты көптеген сынып сағаттары болып өтті. Олардың мақсаты : адамдарға жақсылық ойлау, адал, шыншыл т.с.сияқты адами құндылықтарын оқушыларымыздың бойына сіңіру.

11 сыныптар арасында Абай мен Шәкәрім адалдық хақында жазған өлеңдеріне талдау, қоғамымыздағы жемқорлыққа қарсылық ретінде сурет салу, сонымен қатар 9-10 сыныптар арасында «Адалдық жолынан айнымайық!» атты пікірталас болып өтті.

 

Ал 7-8 сыныптар арасында «Адалдық пен адамдық» атты сынып сағаттарыда адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттеріді бағалау бағытында сынып сағаттары өтті.

 

6 «А» сыныбында «Адалдық дүкені» қызмет жасап, 6 «Б» сыныбында «Час лояльности» атты сынып сағаттары, 4-5 сыныптар арасында «Асыл қасиет-адалдық» ұранымен сынып сағаттары болып өтті.

 

Мектеп директоры: Байжуманова С.М

Дайындаған: Базаргалиева А.